Қашықтықтан білім беру

Қашықтықтан білім беру


bilim.beru17

 

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі оқу орнынан кейінгі білім негізінде  біліктілікті арттыру бөліміжұмыс атқарады.

Колледжде біліктілікті арттыру бөлімі нарықтық сұранысқа сәйкес орта буынды медицина мамандардын арнайы кәсіптік салалар бойынша дайындап, кәсіби біліктіліктерін арттыру  курстарын жүргізеді.

Тыңдаушыларды оқыту барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерін, мемлекеттік стандарттар талаптарын басшылыққа ала отырып, салалардағы заманауи технологиялардың әдіс-тәсілдерін меңгертеді.

Курс соңында сынақты қанағаттанарлық деңгейде тапсырған тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі куәлік ұсынылады.

Оқу орнының оқытушы-профессорлар құрамына өз ісінің тәжірибелі  мамандары сабақ береді. Курсты оқыту 2006-2016 жылдар аралығында күндізгі формада жүргізіліп келген еді,   2017 жылдан бастап Moodle бағдарламасы бойынша қашықтан оқыту  енгізілді.

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінде желілік технологияны қамтамасыз ету үшін ақпараттық — білім порталына негізделген  Moodle қашықтықтан оқыту жүйесі порталда әрбір оқытылатын циклдың қашықтықтық курстар бойынша жүргізілуін қадағалайды. Кез-келген уақытта  тындаушыларға (орта буынды медицина қызметкерлері, жас педагогтар және т.б.)  оқытылатын циклдық курстар бойынша оқу-әдістемелік материалдарын қарастырып, тестілік сұрақлар мен бақылау тапсырмаларын орындап, тьютордың бағалары мен пікірлерін біле алады.

 

Циклдардың аталуы: Сағат саны
1 Инфекциялық бақылау. Аурухана ішілік инфекциялардың алдын алуда мейірбикенің ролі. 108
2 АИТВ/ЖИТС алдын алудағы  мейірбикенің ролі 108
3 Жалпы медбикелік технологиялар 108
4 Педиатриянің таңдаулы сұрақтары 108
5 Массаж бойынша мейірбике жұмысы 108
6 Гинекологиядағы мейірбике ісі 108
7 Педиатрияда көрсетілетін дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек. 108
8 Салауатты өмір салтын қалыптастыру 108

 

Дәстүрлі сыртай оқу нысанынан қашықтықтық технологияны пайдаланып оқытудың айырмашылығы тыңдаушының оқу орнында болу мерзімінің қысқартылуымен ерекшеленеді. Қашықтықтан оқыту жүйесінің форумдары мен чаттары, желідегі e-mail, Skype, Mail.Ru Агент парақшалары арқылы тьюторлармен өзара әрекеттесу мүмкіншілігі ұлғаймақ.

Оқу үдерісін ұйымдастыру жұмыстары төмендегі тәртіппен жүргізіледі:

  • Тыңдаушыны өтініші негізінде колледж директорының бұйрығымен курстық оқуға қабылдау;
  • Тыңдаушылар контингентінің құрамын қарау;
  • Тыңдаушылардың білім беру бағдарламаларының мазмұнына сәйкес  оқитын циклды таңдай алуы;
  • Тыңдаушылардың кәсіби қызметіне сәйкес нормативтік, нұсқаулық, оқу-әдістемелік құжаттарды, кітапхана, ақпараттық қор мен басқа да қызмет түрлерін қолдана алуы;
  • Оқу курсын сәтті аяқтаған соң бекітілген үлгідегі куәлік   тапсыру арқылы жүзеге асады.

Оқу курстарының  мерзімі:

Қосымша кәсіптік педогогикалық білім беру:

  • ұзақ мерзімді — 108 сағат

Медицина саласы бойынша біліктілікті арттыру:

  • ұзақ мерзімді — 108 сағаттан жоғары
  • қысқа мерзімді – 54 сағат, 36 сағат, 18 сағат

Ескерту: Колледж тыңдаушылардың қалауы бойынша біліктілікті жетілдіру курсын медициналық мекемелерде жұмыстан қол үзбей көшпелі курстары негізінде өткізе алады

Курсқа тіркелуге қажетті құжаттар:

  1. Ақылы негізде білім беру келісім-шартына отыру(документ Word, доступный для скачивания)
  2. Тыңдаушының өтініші(документ Word, доступный для скачивания)
  3. Жеке карточкасы(документ Word, доступный для скачивания)
  4. Жеке куәлік көшірмесі
  5. Диплом көшірмесі
  6. Төлемақы түбіртегі
  7. Есеп-шот адресі

Қашықтықтан білім беру саласы бойынша жауапты:

  • біліктілікті арттыру бөлімінің меңгерушісі Абдужаппарова О.Р. (+7 702 140 82 72)
  • оқу-әдістемелік орталық меңгерушісі Рысбекова А.А. (+7 705 367 39 76)
  • әдіскерлер Жағыпарова Д.Д. (+7 702 918 02 67), Назаркулова Т. (+7 771 154 41 23)

Телефон: +7 725 33 5 28 09, факс 5 28 10

Е-mail: t_kmk@mail.ru

Мекен-жайы: Түркістан қаласы, Абылайхан  көшесі, 108 үй